Бұл тренингтің мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалармен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарын мұғалімдерге түсіндіру және практикалық қолдау көрсету. Іс-шара барысында педагогтармен бірге ПМПК (Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) қорытындысы егжей-тегжейлі талданып, сол негізде оқу үдерісін ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, ЕББҚ білім алушыларға бейімделген оқу бағдарламаларын әзірлеу, қажет болған жағдайда жеке білім беру маршрутын құру тәсілдері түсіндіріледі.