Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларымызды қолдау мақсатында «Менің бақытты балалық шағым – 2» атты көңілді ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға ата-аналар, ұстаздар және жапондық тәжірибе негізінде мектеп волонтерлері белсене қатысты. Ойындар қызықты әрі көңілді өтті. Ата-аналар мен оқушылар бірге тамаша уақыт өткізіп, шаттық пен қуанышқа бөленді. Мұндай іс-шаралар оқушыларымыздың бойындағы сенімділік пен қуанышты арттырып, ортақ мейірімділік пен қолдауды күшейтеді. Әрбір баланың күлкісі – біздің ең үлкен жеңісіміз!