Балалармен бірге жылы әрі шығармашылыққа толы іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалардың қолынан шыққан ерекше өнер туындылары жүректі қуантты.Оқушылар қарапайым макарон мен желімді пайдаланып, жаңа жылдық шырша жасады.Балалар әрқайсысы өз қиялын қосып, шыршаларын түрлі макарондармен безендірді. Бірі макарондармен әдемі бұтақтар жасаса, енді бірі оны бояп, жарқыраған әшекейлер қосты. Бұл жұмыс тек шығармашылық емес, сондай-ақ ұжымдық бірлікті, қолдың моторикасын және шыдамдылықты дамытуға ықпал етті.

Іс-шара соңында балалардың жүзіндегі шаттық пен мақтаныш сезімі бізді ерекше қуантты. Осындай сәттер балалардың таланттарын дамытуға зор мүмкіндік береді. Бұл шараның әрбір сәті жүрекке жылу сыйлады!