Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсіну деңгейін жақсарту.
Жобаның міндеттері:
• Күнделікті жүйелі оқу әдетін қалыптастыру
• Оқылым жылдамдығын арттыру
• Мәтінді түсіну және талдау дағдыларын дамыту
• Сөздік қорын байыту
• Ата-ананы оқу үдерісіне тарту
Жобаның мазмұны: “20 минуттық оқу” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Әр ай сайын сыныпқа бір көркем шығарма немесе жас ерекшелігіне сай кітап беріледі.
Оқушылар: мектепте – күн сайын 20 минут, үйде міндетті түрде ата-анасымен бірге кітап оқиды. Оқу барысы арнайы оқу күнделігіне тіркеледі.
Ай соңында мәтін бойынша:
• тест тапсырмалары
• қысқа жауапты сұрақтар
• шығармашылық тапсырмалар
• ауызша талдау жүргізіледі.
Сыныптар бойынша оқу көлемі:
- 1-сынып – қысқа ертегілер, 10–15 бет
- 2-сынып – 20–30 бет
- 3-сынып – 40–60 бет
- 4-сынып – 70–100 бет
Жобаның кезеңдері:
1. Дайындық кезеңі
• Жылдық оқу жоспары бекітіледі
• Кітаптар тізімі анықталады
• Ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізіледі
• Бастапқы диагностика (оқу жылдамдығы, түсіну деңгейі) алынады
2. Негізгі кезең
• Күнделікті 20 минуттық оқу
• Аптасына 1 рет шағын талқылау
• Оқу күнделігін толтыру
• Ай сайынғы бақылау жұмысы
3. Қорытынды кезеңде айлық мониторинг жүргізіледі, “Айдың үздік оқырманы” анықталады, Үздік оқушы ата-анасымен бірге сыныпаралық сайысқа қатысады
Сыныпаралық сайыс форматы:
- Таныстыру (оқушы + ата-ана)
- Кітап бойынша сұрақтар
- Рөлдік ойын немесе көрініс
- Блиц-сұрақтар
- Шығармашылық тапсырма