Атырау қаласында өткен конференция аясында мектебіміздің мамандары — педагог-логопед Таирова С.Х. және педагог-дефектолог Куркебаева С.А. «Көлденең жоспарлау – оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту құралы ретінде» тақырыбында спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.Конференция барысында ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған көлденең жоспарлаудың тиімділігі туралы айтылып, нақты мысалдар мен жұмыс әдістері ұсынылды. Мамандар инклюзивті сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын практикалық тәсілдер мен жеке жұмыс жүргізу жолдарын ортаға салды.