Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсіну деңгейін жақсарту.

Жобаның міндеттері:

• Күнделікті жүйелі оқу әдетін қалыптастыру
• Оқылым жылдамдығын арттыру
• Мәтінді түсіну және талдау дағдыларын дамыту
• Сөздік қорын байыту
• Ата-ананы оқу үдерісіне тарту

Жобаның мазмұны: “20 минуттық оқу” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Әр ай сайын сыныпқа бір көркем шығарма немесе жас ерекшелігіне сай кітап беріледі.

Оқушылар: мектепте – күн сайын 20 минут, үйде міндетті түрде ата-анасымен бірге кітап оқиды. Оқу барысы арнайы оқу күнделігіне тіркеледі.

Ай соңында мәтін бойынша:
• тест тапсырмалары
• қысқа жауапты сұрақтар
• шығармашылық тапсырмалар
• ауызша талдау жүргізіледі.

Сыныптар бойынша оқу көлемі:

  • 1-сынып – қысқа ертегілер, 10–15 бет
  • 2-сынып – 20–30 бет
  • 3-сынып – 40–60 бет
  • 4-сынып – 70–100 бет

Жобаның кезеңдері:

1. Дайындық кезеңі

• Жылдық оқу жоспары бекітіледі
• Кітаптар тізімі анықталады
• Ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізіледі
• Бастапқы диагностика (оқу жылдамдығы, түсіну деңгейі) алынады

2. Негізгі кезең

• Күнделікті 20 минуттық оқу
• Аптасына 1 рет шағын талқылау
• Оқу күнделігін толтыру
• Ай сайынғы бақылау жұмысы

3. Қорытынды кезеңде айлық мониторинг жүргізіледі, “Айдың үздік оқырманы”  анықталады,  Үздік оқушы ата-анасымен бірге сыныпаралық сайысқа қатысады

Сыныпаралық сайыс форматы:

  1. Таныстыру (оқушы + ата-ана)
  2. Кітап бойынша сұрақтар
  3. Рөлдік ойын немесе көрініс
  4. Блиц-сұрақтар
  5. Шығармашылық тапсырма