«BILIM KIDS» жобасы — жапондық білім беру тәжірибесіне сүйене отырып жасалған, мектеп оқушыларынан құралған волонтерлік топтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларға қолдау көрсетуге бағытталған бастамасы.Жобаның негізгі мақсаты — ЕББҚ балаларға әлеуметтік және академиялық тұрғыда қолдау көрсете отырып, оларды мектеп өміріне белсенді араластыру, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау. Волонтер-оқушылардың қатысуымен өткізілген сабақтар мен ойындар оқушылардың қарым-қатынас жасау, өз ойын еркін білдіру және қоршаған ортамен байланыс орнату дағдыларын дамытады.Бұл жобаның ерекшелігі – оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара көмек арқылы инклюзивті орта қалыптастыруға үлес қосуы. Волонтерлер мен ЕББҚ оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет арқылы шынайы қабылдау, жанашырлық және қолдауға негізделген орта құрылып келеді.