Жобаның мақсаты – балалардың өмірлік және тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімдер, педагог-ассистент, психолог, логопед және арнайы педагог бірлесе отырып, әр балаға қажет дағдылар тізімін анықтайды: өзін-өзі күту, көмекті сұрау, қарым-қатынас жасау, күн тәртібін сақтау және т.б. Бұл дағдылар күнделікті өмірге енгізу арқылы дамытылады. Жетістік деңгейі үнемі бақылауға алынып, рефлексия жүргізіледі. «Әлеуметтік көпір» жобасы – балалардың өз […]
Бұл тренингтің мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалармен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарын мұғалімдерге түсіндіру және практикалық қолдау көрсету. Іс-шара барысында педагогтармен бірге ПМПК (Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) қорытындысы егжей-тегжейлі талданып, сол негізде оқу үдерісін ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, ЕББҚ білім алушыларға бейімделген оқу бағдарламаларын әзірлеу, қажет болған жағдайда жеке білім беру маршрутын құру […]
Жыл сайын өткізілетін бұл іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушыларды тереңірек танып-білу, олардың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату. Іс-шара барысында ата-аналармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, оқушылар туралы жан-жақты ақпарат жиналады. Сонымен қатар, арнайы сауалнамалар арқылы баланың даму ерекшеліктері мен қажеттіліктері анықталады. Бұл жұмыс баламен тиімді жеке жұмыс жоспарын құруға негіз болады.
- 1
- 2