Мақсаты:Ата-аналармен ынтымақтастықты нығайта отырып, ЕББҚ білім алушыларының жыл бойғы даму динамикасын талдау, қол жеткізген нәтижелерге сараптама жасау, туындаған қиындықтарды айқындау және келер оқу жылына арналған жеке-дара қолдау бойынша ұсыныстар беру.
Инклюзивное образование
- Home
- Содержание образования
- Инклюзивное образование
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларымызды қолдау мақсатында «Менің бақытты балалық шағым – 2» атты көңілді ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға ата-аналар, ұстаздар және жапондық тәжірибе негізінде мектеп волонтерлері белсене қатысты. Ойындар қызықты әрі көңілді өтті. Ата-аналар мен оқушылар бірге тамаша уақыт өткізіп, шаттық пен қуанышқа бөленді. Мұндай іс-шаралар оқушыларымыздың бойындағы сенімділік пен қуанышты арттырып, ортақ мейірімділік […]
- admin
- 0 Comments
Оқушылардың аналарына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, шығармашылық арқылы аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды қолөнер немесе бейнелеу өнері арқылы анасына өз қолымен сыйлық дайындауға баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту және жақын адамға қуаныш сыйлаудың маңызын ұғындыру.
- admin
- 0 Comments
«BILIM KIDS» жобасы — жапондық білім беру тәжірибесіне сүйене отырып жасалған, мектеп оқушыларынан құралған волонтерлік топтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларға қолдау көрсетуге бағытталған бастамасы.Жобаның негізгі мақсаты — ЕББҚ балаларға әлеуметтік және академиялық тұрғыда қолдау көрсете отырып, оларды мектеп өміріне белсенді араластыру, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау. Волонтер-оқушылардың қатысуымен өткізілген сабақтар мен ойындар […]
- admin
- 0 Comments
Оқушыларымызбен «Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыбында, кітапханаға саяхатқа бардық. «Аюдың жаңа досы» ертегісімен танысып, ертегі кейіпкерлері бойынша әр түрлі қызықты тапсырмалар орындадық. Осындай ерекше сабақтар балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды жаңа ортада өзін жайлы сезінуге, қарым-қатынас жасауға үйретеді. Кітаптар мен ертегілер әлемі балалар үшін әрдайым ашық, оларды жаңа шытырман оқиғалар күтіп тұр! https://www.youtube.com/watch?v=XHOmBV4js_E
- admin
- 0 Comments
Атырау қаласында өткен конференция аясында мектебіміздің мамандары — педагог-логопед Таирова С.Х. және педагог-дефектолог Куркебаева С.А. «Көлденең жоспарлау – оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту құралы ретінде» тақырыбында спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.Конференция барысында ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған көлденең жоспарлаудың тиімділігі туралы айтылып, нақты мысалдар мен жұмыс әдістері […]
- admin
- 0 Comments