«Әлеуметтік көпір» жобасы аясындағы логопед сабағы
Мектебімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар 1-сынып оқушыларымен «Әлеуметтік көпір» жобасы аясында логопед сабағы өткізілді. Сабақ Cooking Club кабинетінде ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты — оқушылардың сөздік қорын байыту, әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларын дамыту. Сонымен қатар балалар өзіне-өзі қызмет көрсету және топта жұмыс жасау дағдыларын үйрену. Осындай сабақтар оқушылардың жан-жақты дамуына және әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал етеді.
Juldyzai ұлттық инклюзивті ойындар 2025 ашылу салтанаты
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларымызбен ұлттық деңгейдегі маңызды шара – Juldyzai инклюзивті ойындарының ашылу салтанатына қатыстық. Мереке балаларымызға ерекше әсер сыйлап, сенім мен шабыт берді.
Мектебімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар үшін Жаңа жылдық ойындар әлеміне саяхат ретінде көңілді ойындар ұйымдастырылды
Оқушыларымыз ойын ойнап қана қоймай, бір-бірімен топта жұмыс жасауды үйреніп, барлық ойындарға белсене қатысып, ТОО «Engineering Services» компаниясының оқушыларымызға дайындаған тәтті сыйлықтарын алды.ТОО «Engineering Services» компаниясына оқушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысымызды білдіреміз.
«Qoldau+» жобасы
1 қараша күні біз көптен күткен «Qoldau+» жобасының тұсауын кестік. Бұл-ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары үшін құрылған қолдау мен шабыт алаңы. Кездесуге ата-аналармен қатар, спикер ретінде Гүлмира Пармышева — Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті және Жанна Франк — әлеуметтік кәсіпкер қатысты. Олардың өмірден түйген тәжірибесі мен жүректен шыққан әңгімелері баршамызға ерекше әсер қалдырды. Бұл алғашқы кездесу жобаның алдағы бағытын айқындап, оқыту мен әлеуметтік-эмоциялық даму саласындағы маңызды сұрақтарға жол ашты. «Qoldau+» атауының мәні терең: «Qoldau» — бұл қамқорлық пен сүйемелдеу, ал «+» – бірге табатын күш пен сенімнің белгісі.
Шығармашылық пен кітаптың тоғысқан жері» тақырыбында кітапханада іс-шара өтті.
ЕББҚ бар 2-сынып оқушылары арнайы мамандармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, қуыршақ театрын тамашалады.Іс-шара балалардың кітапқа қызығушылығын арттырып, жағымды әсер сыйлады
ЕББҚ білім алушымен және оның ата – анасымен алғашқы танысу
Жылсайынөткізілетінбұліс-шараныңмақсаты – ерекшебілімберудіқажетететін (ЕББҚ) оқушылардытереңіректанып-білу, олардыңотбасыментығызқарым-қатынасорнату. Іс-шарабарысындаата-аналарменжекекездесулерұйымдастырылып, оқушылартуралыжан-жақтыақпаратжиналады. Сонымен қатар, арнайысауалнамаларарқылыбаланыңдамуерекшеліктеріменқажеттіліктеріанықталады. Бұл жұмысбаламентиімдіжекежұмысжоспарынқұруғанегізболады.
Біздің мектепте логопед сабақтары жүйелі түрде өткізіледі
Біздің мектепте логопед сабақтары жүйелі түрде өткізіледі.Сабақ барысында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, дыбыстарды дұрыс әрі анық айтуына ерекше көңіл бөлінеді.Арнайы жаттығулар мен ойын элементтері арқылы балалардың сөйлеу қабілеті жетіліп, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Сабақтар қызықты форматта ұйымдастырылғандықтан, оқушылар тапсырмаларды белсенді орындап, сабаққа үлкен ынтамен қатысады.Логопед сабақтары балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін арттыруға да ықпал етеді.
Суретте дефектолог баламен көру арқылы қабылдауды дамытуға арналған тапсырма жүргізіп отыр. Бала жануарлардың суреттерін олардың көлеңкелерімен сәйкестендіреді. Бұл жұмыс бірнеше бағытты қамтиды: Қабылдауды дамыту бағыттары:
Зейін мен есте сақтау
Кеңістіктік бағдарлау
Ұсақ моториканы дамыту
Жұмыстың мақсаты:
Баланың талдау және салыстыру дағдыларын қалыптастыру