Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсіну деңгейін жақсарту.
Жобаның міндеттері:
• Күнделікті жүйелі оқу әдетін қалыптастыру • Оқылым жылдамдығын арттыру • Мәтінді түсіну және талдау дағдыларын дамыту • Сөздік қорын байыту • Ата-ананы оқу үдерісіне тарту
Жобаның мазмұны: “20 минуттық оқу” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Әр ай сайын сыныпқа бір көркем шығарма немесе жас ерекшелігіне сай кітап беріледі.
Оқушылар: мектепте – күн сайын 20 минут, үйде міндетті түрде ата-анасымен бірге кітап оқиды. Оқу барысы арнайы оқу күнделігіне тіркеледі.
Ай соңында мәтін бойынша: • тест тапсырмалары • қысқа жауапты сұрақтар • шығармашылық тапсырмалар • ауызша талдау жүргізіледі.
Сыныптар бойынша оқу көлемі:
1-сынып – қысқа ертегілер, 10–15 бет
2-сынып – 20–30 бет
3-сынып – 40–60 бет
4-сынып – 70–100 бет
Жобаның кезеңдері:
1. Дайындық кезеңі
• Жылдық оқу жоспары бекітіледі • Кітаптар тізімі анықталады • Ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізіледі • Бастапқы диагностика (оқу жылдамдығы, түсіну деңгейі) алынады
2. Негізгі кезең
• Күнделікті 20 минуттық оқу • Аптасына 1 рет шағын талқылау • Оқу күнделігін толтыру • Ай сайынғы бақылау жұмысы
3. Қорытынды кезеңде айлық мониторинг жүргізіледі, “Айдың үздік оқырманы” анықталады, Үздік оқушы ата-анасымен бірге сыныпаралық сайысқа қатысады