Жобаның мақсаты Оқушылардың өзін-өзі дамытуына еркін жағдай жасау, шектеулерді жеңіп, заманауи дағдыларды (soft skills) меңгеруге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында түрлі мәдениеттер мен білім салаларының арасындағы байланысты нығайту. Жобаның мазмұны Жоба аясында оқушылар тек академиялық біліммен шектелмейді. Ол келесі бағыттарды қамтиды: Цифрлық сауаттылық: Технологияларды еркін меңгеру. Инклюзивті орта: Барлық баланың тең құқылы қатысуы. […]
Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану, математика, техника және өнер (STEAM) салаларындағы білімдерін тәжірибе арқылы дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру және ата-аналарды оқу процесіне тарту. Жобаның мазмұны: “Family STEAM” жобасы 1–4 сыныптарда ұйымдастырылып, оқушылар мен олардың ата-аналары бірлесіп жаратылыстану және математика сабақтарына қатысады. Жоба барысында: Оқушылар мен ата-аналар бірге шағын тәжірибелер жасайды, математикалық есептерді шешеді. […]
Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дәптерлерін ұқыпты, таза, жүйелі жүргізу дағдыларын дамыту, жазу мәдениетін арттыру, оқу процесінде жауапкершілік пен тәртіптілігін қалыптастыру. Жобаның мазмұны: “Үздік дәптер” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында ай сайын өткізіледі. Оқушылар өздерінің дәптерлерін ұқыпты, таза және жүйелі жүргізуге тырысады. Жоба барысында дәптердегі жазулардың дұрыстығы, безендірілуі, тапсырмалардың толық орындалуы және жеке шығармашылық элементтері […]
Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсіну деңгейін жақсарту. Жобаның міндеттері: • Күнделікті жүйелі оқу әдетін қалыптастыру• Оқылым жылдамдығын арттыру• Мәтінді түсіну және талдау дағдыларын дамыту• Сөздік қорын байыту• Ата-ананы оқу үдерісіне тарту Жобаның мазмұны: “20 минуттық оқу” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылады. […]
Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының компьютерде мәтін теру дағдыларын дамыту, пернетақтамен жылдам әрі сауатты жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылығын арттыру. Жобаның мазмұны: “Үздік мәтін теруші” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында ай сайын ұйымдастырылады. Оқушылар арнайы берілген мәтінді компьютерде белгілі бір уақыт ішінде теріп шығады. Жарыс барысында теру жылдамдығы, қате саны және мәтіннің дұрыс рәсімделуі […]
Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру, мәтінді түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарманы талдау және мазмұнын меңгеру қабілеттерін дамыту. Жобаның мазмұны: “Жылдам оқу сайысы” жобасы 1–4 сынып оқушылары арасында ай сайын, әр айдың соңында ұйымдастырылады. Әр сыныптан “Үздік оқырман” атанған оқушылар таңдалып, сайысқа қатысады. Қатысушылар таңдалған шығарманы 1 минут ішінде мәнерлеп, дұрыс әрі жылдам […]